Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің қанша гонорар алатыны белгілі болды

Шілде 28, 2024 - 11:36
Шілде 28, 2024 - 12:33
Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің қанша гонорар алатыны белгілі болды

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан алтын алғаны үшін қанша гонорарға ие болатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заңнамаға сәйкес, қазақстандық Олимпиада чемпионы 250 мың доллар (118 миллион теңгеден астам) алады.

Сонымен қатар күміс жүлдегерлер 150 мың доллар (71 миллион теңге), қола жүлдегерлер 75 мың доллар (35 миллион теңгеден астам) алады.

Сондай-ақ 4, 5 және 6-орынға сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, 27 шілдеде Елдос Сметов Париж олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow