«Осындай қадамға баруға мәжбүрмін»: мұнарадан секірмек болған полицей туралы дерек шықты

Маусым 4, 2024 - 16:56
Маусым 4, 2024 - 17:06
«Осындай қадамға баруға мәжбүрмін»: мұнарадан секірмек болған полицей туралы дерек шықты

Әлеуметтік желіде Алматыда полицей формасындағы бір адамның өзіне қол жұмсамақ болған видеосы тараған еді. Orda.kz сайтының жазуынша, электр бағанына шығып алған полиция қызметкерінің аты-жөні  Дәрмен Шыныбеков. Ол мұндай қадамға жұмыстан заңсыз босатылғаны үшін барған. 

"Ол өз сөзінде бұрынғы басшылары жұмыстан заңсыз шығарды деп айыптады. Осыған байланысты ол прокуратураның оның мәселесіне назар аударуын сұрайды. Атылмыш видеоны блогер Аян Сауранбаев өзінің парақшасында  жариялады.

«Ол менің сотта ештеңе дәлелдей алмайтынымды білді. Оның Таймерденов деген судья досы бар еді. Ол да Болат Назарбаевтың қорғауында болды. Прокуратура мен Президент Әкімшілігі менің өтініштеріме жауап бермейді, сондықтан мен осындай қадамға баруға мәжбүрмін», - дейді подполковник.

Бұрынғы қызметкер айтқан генерал қазір түрмеде отыр. Бұған дейін қаңтар оқиғалары кезінде тәртіпсіздіктер үшін сотталған Серік Күдебаев Қырғызстанға шекара арқылы қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Кейін Алматы полициясы департаментінің басшысы ұсталып, Түркиядан Қазақстанға жеткізілді.

Айта кету керек, жұмыстан шығарылғаннан кейін полиция қызметкері форма киюге құқығы жоқ", - делінген аталмыш дерек көзі. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аян Сауранбаев (@pro_pddrk)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow