Астана көпірінде ер адам елдің көзінше дәрет сындырған

Ер адамның кім екені анықталды

Қыркүйек 20, 2024 - 16:41
Қыркүйек 20, 2024 - 17:03
Астана көпірінде ер адам елдің көзінше дәрет сындырған

Астананың орталығындағы көлік жүретін көпірде ер адам дәрет сындырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазМұнайГаз» компаниясының ғимаратының жанынан өтетін көпірден төмен қарай шаптырған кісінің видеосы әлеуметтік желіге тарады.

«Тәртіп бұзушы анықталды, ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал сотқа жіберілді, шешім қабылданады», - деп хабарлады Есіл аудандық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow