«Өздері жазда қысқы доңғалақпен жүр»: полицейлердің заңсыз әрекеті жұрттың ашуын тудырды

Жол сақшыларының өздері қысқы шинамен жүр. Соны байқаған жүргізушілер жалма-жан олардың қызметтік көлігін видеоға түсіріп алмақ болған.

Сәуір 8, 2024 - 17:46
Сәуір 8, 2024 - 18:18
«Өздері жазда қысқы доңғалақпен жүр»: полицейлердің заңсыз әрекеті жұрттың ашуын тудырды

Желіде жол сақшылары мен жүргізушілер арасындағы дау бейнеленген видео жазба тарап жатыр. Жазбадан жол сақшыларының бірнеше көлікті тоқтатып қойып, айыппұл жазғалы жатқанын байқауға болады. Себебі,  жүргізушілер қысқы доңғалағын ауыстырмаған, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Сәуір айының екісі күні түсірілді делінген бұл видежазбадан оқиғаның оңтүстік өңірде түсірілгенін байқауға болады.

- Қазіргі уақытта қысқы доңғалақпен көлік құралын пайдалануға болмайды!
- Неге?
- Қыс мезгілі өтіп кетті. Наурыздан бастап жаздық немесе көп сезондықпен жүресіз. Хаттама толтырамыз, айыппұл Төлейсіз!

Бір қызығы, жол сақшылары «заң бар» деп жүргізушілерді қысып жатқанымен, қысқы доңғалақпен көлік құралын пайдалануға болмайды деген тыйымның қандай заң, қандай ережеде көрсетілгенін түсіндіріп бере алмайды. «Сондай заң бар, жаздық немесе көп сезондықпен жүресіз біз секілді» дейді.

Нағыз қызық осы жерде басталады. Сөйтсе, жол сақшыларының өздері қысқы шинамен жүрген болып шығады. Соны байқаған жүргізушілер жалма-жан олардың қызметтік көлігін видеоға түсіріп алуға тырысады. Сол кезде жол сақшылары қызметтік көліктеріне отыра қалып қаша жөнеледі.

Аталмыш жазба желіде қызу талқыланып жатыр. 

Заң не дейді?
Расында да ондай талап яғни жаз маусымында қысқы дөңгелекпен жүруге болмайды деген тыйым бар. 
2017 жылдың 11 қарашасында жол жүру ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес яғни Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті мен ҚР Жол ережесі жазда (маусым, шілде, тамыз) қысқы дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынған екен. 
Әкімшілік кодекстің 590 бабы 5 б. мұндай ереже бұзушылық үшін 5 АЕК айыппұл салуды көздейді. (Жыл ішінде жазда қысқы дөңгелекпен жүргені үшін екінші рет ұсталғандар – 20 АЕК айыппұл төлейді).
Бірақ видеодағы инспекторлар айтып тұрғандай, бірінші наурыздан деген ереже жоқ.

Қысқа арналған дөңгелекпен жазда жүру өте қауіпті. Бүртабан (шипы) дөңгелек асфальтта тайғанақтайды, сонымен қатар, жұмсақ "жабысқақтар" (липучка) күн ыстықта жолдың асфальт жабынын жеп тастайтыны тағы бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Түркістан/Туркестан/Шымкент (@turkestangramm)

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow