Самұрық-Қазына «QAZAQ AIR» әуекомпаниясын сата алмады
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры «QAZAQ AIR» компаниясын сата алмады, деп хабарлайды sadaqmedia.
Бұл туралы Ұлттық қордың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, конкурс биыл 18 тамызда жарияланған. «QAZAQ AIR» АҚ-ның 49%-дан бастап 100%-ға дейінгі акцияларын сату бойынша ашық екі кезеңді конкурстың өткізілмегені туралы хабарлаймыз», - деп жазды Ұлттық қордың баспасөз қызметі.
Енді «Самұрық-Қазына» жаңа екі кезеңді ашық конкурсты өткізу жоспарланып отыр. Жаңа конкурсты өткізу мерзімдері мен оның шарттары белгіленген тәртіппен анықталмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?