Отарда әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен сарбаз саңырау күйде есін жиған
Есін жиған сарбаз сөйлей алмады.
Отарда әскерде әлімжеттік көріп, комаға түскен 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат есін жиды, деп хабарлады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы @poisk_region_10 отрядының еріктілері хабарлайды.
«Маусым айының соңында сарбаз комадан шықты. Алайда, саңырау күйде болды, бұрын жүргізілген трахеостомияға байланысты сөйлей алмады. Арада 1 ай өтті. Нұржігіттің жағдайы айтарлықтай жақсарды. Жігіттің ата-анасы қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреді», - деп жазды еріктілер.
Естеріңізге сала кетейік, қатардағы жауынгер Нұржігіт Әбділпат 2024 жылдың 15 мамырында әскерге кетіп, 9 маусымда комаға түскен. Әскери полиция сарбазға ЖРВИ диагнозы қойылғанын айтып, медициналық пунктке жеткізілгені туралы хабарлаған. Бірақ оның денесінде ұрып-соғу іздері болғаны артынша анықталды.
Ол Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар ауылындағы №30212 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Анасының айтуынша, ұлының кіші сержант ұрған болуы мүмкін.
Сіздің реакцияңыз қандай?