Астанада мектеп оқушысы балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы аман алып қалды
Астанада жетінші сынып оқушысы балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы аман алып қалды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Оқиға кеше кешкісін елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. № 31 мектеп-гимназиясының оқушысы Ақан Әкімжанов аулада ойнап жүргенде 4-ші қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып алады.
Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Ол өзінің осынау әрекетін кішкентай баланы көргенде ойланбастан жасағанын әрі өзінің де іні-қарындастарының бар екендігімен түсіндірген.
Сіздің реакцияңыз қандай?