Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры қамауға алынды

Қыркүйек 29, 2024 - 15:43
Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры қамауға алынды
фото: ОҚМУ

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Otyrar.kz өңірлік басылымының хабарлауынша, ректор 28,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл ақпаратты Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті растады.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу құпиялығына байланысты өзге ақпаратты жария етуге құқығымыз жоқ, деп атап өтті аталған департамент басшысының ортынбасары Санат Құлбаев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында.

Сондай-ақ күдікті мемлекеттік сатып алуға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқаны нақтыланады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow