Оқушылардың 700 мыңнан астамы бір рет болсын бәс тіккен – депутат

Қазан 20, 2023 - 16:32
Қазан 23, 2023 - 12:25
Оқушылардың 700 мыңнан астамы бір рет болсын бәс тіккен – депутат

Қазақстанда мектеп жасындағы 3,5 млн баланың 700 мыңнан астамы өмірлерінде бір рет болсын бәс тіккен. Бұл туралы бүгін несие тақырында өткен парламенттік тыңдауда депутат Руслан Берденов мәлім етті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Оның айтуынша, депутаттармен кездескен сайлаушылардың көп көтерген мәселесі несие және құмар ойын болған.  

«Агрессивті букмекер жарнамасы, жылдам қолжетімді несие  экономикалық белсенді азаматтар санының күрт төмендеуіне, қаржылық қиындықтарға, жұмыссыздар санының өсуіне апарып соқтырары сөзсіз. Елімізде 8,4 млн азаматқа 18,1 триллион теңге несие берілген. Тұтынушы несие нарығының кері көрсеткішінің басым бөлігін лудомандар құрайды. Олар бәс тігу үшін бәріне дайын. Несие алу, құқықбұзушылық, алаяқтық, тіпті ауыр қылмыс жасап жатыр.  Еліміздегі 157 000 құқық бұзушылықтың 20%-ы немесе 31 000-ы құмар ойындары кесірінен жасалған, ал ажырасудың 38% - ның себебі құмар ойындары», - дейді статистиканы мәлім еткен депутат.

Оның айтуынша, тіркелген 3 676 суицидтің әрбір 5-ші фактісі осы құмар ойынмен байланысты болған.

«Ал, мектеп жасындағы 3,5 млн баланың 700 мыңнан астамы 1 рет болсын бәс тіккен. Бұл Қазақстандағы 1 миллионнан астам құмар ойыншы санының одан да ары өсетінін көрсетеді», - дейді депутат.

Депутат  2017 жылдан бастап букмекерлік бизнес айналымы 15.5 млрд теңгеден 2022 жылы 553,6 млрд теңгеге дейін 35 есе өскенін хабарлады. Бірақ салық төлемінің мөлшері өзгермей, сол 2017 жылғы деңгейде тұрып қалған. 

«Жауапты министрлік құмар ойындарының онлайн жүйесін жапсақ бюджетке түсетін салық азайып қалады деген негіздеме айтады. Ал негізгі мақсат салық болса, неге 2017 жылдан бері салық мөлшерін көтеру мәселесі айтылмаған?

Сөзімнің қортындысында келесі нақты ұсыныстарды назарға алып  қолдау  білдіруіңізді сұраймын.

Бірінші: Онлайн құмар ойындарына толығымен тыйым салу.

Екінші: Букмекерлік бизнес жарнамасына  толығымен тыйым салу.

Үшінші: Ойын бизнесі қызметтеріне салық мөлшерлемелерін көтеру. Себебі ағымдағы салық төлемдері тұрақты. Яғни қанша пайда тапса да бір салық мөлшерін төлей береді. Айналымның ұлғаюы тек букмекерлерге тиімді.

Төртінші: Салық кодексіне құмар ойындары лицензиясы үшін төлемақы мөлшерін көтеру.

Бесінші: Корпоративтік табыс салығын ағымдағы 20%-дан 30-40%-ға көтеру.

Алтыншы: Букмекерлердің аппаратық программалық жүйелерін мемлекеттік табыс департаменті жүйесіне қосу. Мақсатымыз осы бизнестің нақты айналымын анықтау, салық төлемдерінің толыққанды бюджетке түсуін қадағалау.

Жетінші: Әр ойыншыға жеке ID беру  және зейнетақы төлем мөлшеріне  байланысты ставка  қою мөлшеріне шектеу жасау.

Сегізінші: Казинолар мен букмекерлер орналасқан жер телімдерінің салығын көтеру»,-дейді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow