Ғалымжан Жақияновтың үстінен іс қозғалды

Қазақстан азаматтары арасындағы жеке дауға қала прокурорының араласуы кем дегенде күмән тудырады.

Ақпан 19, 2024 - 16:22
Ақпан 19, 2024 - 16:22
Ғалымжан Жақияновтың үстінен іс қозғалды
adyrna.kz

Бұл туралы Жақиянов мырзаның өзі хабарлады. Айтуынша, бұған да өзінің досы Төлен Тоқтасыновтың арызы себеп болған, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Маған қатысты жаңа қылмыстық іс ашылды. Бұл жолы Алматыда.

Осыған дейін Төлен Тоқтасынов екеуіміздің арамыздағы іскерлік даудың (оның бастамасымен) қоғамдық ортаға шығып, арты сот отырыстарына ұласқаны туралы жазғанмын.

Мәселенің қысқаша мән-жайы былай: бір кездері өз басындағы қарыздарымен қаржылық жауапкершілікті Тоқтасынов маған жүктеуге тырысты. Өкінішке қарай, оның бұл әрекетке баруына ұзақ жылғы достығымызды да кедергі бола алмады. Ол маған жала жабумен, азаматтық сотқа жүгінумен шектелмеді. Мәселен, 2022 жылы Моңғолия полициясына менің үстімнен арыз жазды. Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды тексеріп, мені жауапқа тартуға негіз таппай, керісінше, Тоқтасыновтың өзіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Осыдан кейін ол Моңғолиядан кетуге мәжбүр болды. Қазір оған іздеу салынған.

Күні кеше тағы бір жайт естідім. Төлен Тоқтасынов былтыр Алматының Бостандық аудандық полициясына да дәл сондай арызбен жүгініпті. Ондағылар да менің іс-әрекетімде қылмыс құрамы болмауына байланысты маған қатысты іс қозғаудан бас тартады. Алайда биылғы жылдың 1 ақпанында Алматы қаласы прокуроры С.Кәріпбеков ол шешімінің күші жойылып, Тоқтасыновтың арызы бойынша тергеу басталғанын хабарлапты. Осылайша, «Жаңа әділетті Қазақстанда» маған қарсы жаңа қылмыстық іс қозғалды»,  - дeп жaзғaн өзiнiң Facebook пaрaқшaсындa.

Сондай-ақ ол өз жазбасында бұл істің астарында саяси астар жатуы мүмкін екенін айтқан.

«Қазақстан азаматтары арасындағы жеке дауға қала прокурорының араласуы кем дегенде күмән тудырады. Әсіресе, ҚР Бас Прокурорының прокуратура өкілдеріне іскерлік дауларға араласуға тыйым салатын ресми нұсқауы бар екенін ескерсек, бұл мүлдем ойға қонбайды.
Сондықтан осы істе не жемқорлық, не саяси астары бар деп санаймын. Екеуінің нақты қайсысы екенін алдағы уақыт көрсетер», - деп атап өткен ол.

Кезінде оппозициялық саясаткер ретінде қатар жүрген кәсіпкерлер Төлен Тоқтасынов пен Ғалымжан Жақияновтың арасындағы дау-дамай 2019 жылы басталған. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow