«Небәрі 6 жаста болған»: Екі адам бүлдіршін қызды жылдар бойы зорлап келген

Қараша 13, 2024 - 16:19
Қараша 13, 2024 - 16:20
«Небәрі 6 жаста болған»: Екі адам бүлдіршін қызды жылдар бойы зорлап келген

Қырғызстанның Ыстықкөл облысы, Жетіқұз ауданында тоғыз жасар қызды үш жыл бойы екі ер адам зорлап келген, деп хабарлайды Orda.kz.

Қыздың анасының айтуынша, күдіктілер қызды 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап зорлап келген. Сол кезде қыз небәрі 6 жаста болған. Қыз ұзақ уақыт бойы зорлаушылардың қорқытуынан ата-анасына бұл туралы айта алмаған.

Қыздың анасы күдіктілердің жазадан құтылып кетуінен қауіптенеді.

Ыстықкөл облысының ІІБ бұл іс бойынша тергеу аяқталғанын «Клоопқа» хабарлады. Іс сотқа 15 қарашада жіберілмек.

Қыркүйек айының ортасында Барскоон ауылында полиция 9 жасар қызды ұрып-соғып, зорлады деген айыппен екі күдіктіні ұстады. Күдіктілер тергеу изоляторына қамалды

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow