Назым Қызайбай - Олимпиаданың қола жүлдегері

Тамыз 7, 2024 - 06:06
Тамыз 7, 2024 - 06:09
Назым Қызайбай - Олимпиаданың қола жүлдегері
Фото: Тұрар Қазанғапов

Әйелдер боксында 2 дүркін әлем чемпионы, қаншама жылдан кейін алғаш рет Олимпиадаға қатысқан Назым Қызайбай табандылығының арқасында жүлдегерлердің қатарынан табыла білді.

Жерлесіміз жартылай финалда былтырғы әлем чемпионы Ю Вудан (Қытай) жеңілсе де, жеңіл салмақта бірінші мәрте Қазақстанға жүлде сыйлады.

Бұл Париж Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасының үшінші қола жүлдесі. Осыған дейін спорттық оқ атудан Александра Ле мен Ислам Сәтбаев, дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына қола жүлде салған. 

Дәл қазір Қазақстан құрамасында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow