«Алтын медаль алғым келген»: Назым Қызайбай көз жасына ерік берді (ВИДЕО)
Әттеген-ай дейтін тұстарым бар, дейді ол.
Бокстан Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай боксшысына есе жіберіп, қола медаль еншілеген Назым Қызайбай журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Жекпе-жек оңай болмады. Ұтуға барымды салдым. Кеш жұдырықтастым. Бірақ Қытай қызы барын салды. Қатты ұрамын деп арасында қатып қалдым. Барлық қарсылас бірдей. Қатты ұтқым келді. Алдап кетіп істейін деп едім... Әттеген-ай дейтін тұстарым бар. Алтын медаль алғым келген. Енді не болса да, қолаға шүкір етеміз», - деді Назым Қызайбай.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?