Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісінің жиені Жамбыл полициясын басқаруы мүмкін

Ұзақ жылдар бойы Астана полициясында басшылық қызметтерде болды.

Қыркүйек 20, 2024 - 12:26
Қыркүйек 20, 2024 - 12:35
Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісінің жиені Жамбыл полициясын басқаруы мүмкін
Фото: Gov.kz

Жамбыл облыстық ІІД бастығы Арманбек Баймурзин қызметінен босатылған соң, онымен бірге ұжымы да қызметтен кетіп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы. 

Олардың орнына кімдердің тағайындалатыны туралы ресми ақпарат жоқ.

Бірақ Орда.кз  сайты кейбір дерек көздеріне сүйене отырып, қызметінен босатылған генералдың орнын баса алатын кандидаттардың есімдерін жариялады.

Үміткерлер қатарында қазір көліктегі полиция басқармасының бастығы Бақытжан Малыбаев та бар. Малыбаев Қордай ауданынан келеді. Ол ұзақ жылдар бойы Астана полициясында басшылық қызметтерде болды.

Малыбаев  2019 жылы елордада өткен митингіде кеңінен танымал болған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow