«Өзіне-өзі қол салды»: Аягөз әскери гарнизонында офицердің мәйіті табылды
19 қыркүйекте Аягоз гарнизонының 10810 әскери бөлімінің лейтенанты Нұрсұлтан Алдамұратовтың денесі өзінің тұрғылықты жерінде табылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейресми дереккөздерге қарасақ, офицер өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына Аягөз гарнизонының әскери прокурорының орынбасары, әскери полиция қызметкерлері мен Аягөз әскери барлау бөлімшесінің өкілдері келді. Қазір қылмыстық іс қозғалды.
«Трагедияның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Жергілікті әскери басқарма офицердің отбасына көңіл айтады», - деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметі.
Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіт асылып қалғанын айтқан. Алайда туыстары оның суицид жасағанына сенбейді.
"Аягөзде оны екі жылға қызметке шақырған еді. Бір сағат бұрын суыт хабар келді. Асылып қалған дейді. Командирдің орынбасары солай айтты. Бұл жақта күмән туады. Кеше ғана барған адам қалайша асылып қалады?" – дейді әскери қызметкердің жездесі Дархан.
Сіздің реакцияңыз қандай?