«Мың рет ойлануың керек еді»: Желі қолданушылары жас жігітке көлігін берген блогерді жаппай кінәлауда

Қазан 31, 2024 - 12:57
Қазан 31, 2024 - 14:49
«Мың рет ойлануың керек еді»: Желі қолданушылары жас жігітке көлігін берген блогерді жаппай кінәлауда
Коллаж: Ulysmedia

Алматыда танымал блогер Әлібековтің Lamborghini көлігі 22 жастағы жігітті қағып кеткен. Блогер Бейбіт Әлібеков барлығы қалай болғанын түсіндірген еді. Алайда желі қолданушылары блогердің де кінәсі барын жарыса жазуда, — деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

«Ол оған көлігін берді. Бұл жерді жігіт жалынып сұрады ма, басқаша сұрады ма маңызды емес. Фильм үшін деп каскадерлар сұраса түсінер едім. Жас жігіт жылап сұрады деп бере салу дұрыс емес. Жасы 40-та болса да ақылы жоқ екен!», «Блогерлікпен айналысамын деп шектен шықты. Бірі машинадан секірсе, бірі көлігімді берейін бе, бермейін бе деп сауалнама жүргізеді. Содан кейін жыламсырап халық алдына шығады. Сот әділ өтіп ақымақтар жазаланады деп ойлаймын», «Бейбіттің тікелей қатысы бар. Қаны мойнында енді осымен өмір сүрсін. Өзінде де бала бар. Солар сұраса бермес еді. Оның көлігінің кесірінен жас бала келмеске кетті», «Көлігін бермес бұрын 1000 рет ойлануы керек еді. Басқа біреудің басын қатерге тікпес үшін жігіттің сұрағанына мән бермей-ақ қойса болар еді. Оқырмандарынан сұрамай өзі шешпей ме? Ми жоқ, байғұс жігіт те жоқ», «Көліктің үстіненен секіру, адамға қарсы жүру заңға қайшы. Әлібеков заңсыз іске көлігін беріп жатқанын білді. Енді жауап берсін», — деп жазды олар.

Айта кетейік, оқиға 29 қазан күні Алматы-Астана тас жолындағы Сокол автодромында арнайы трюк жасау кезінде болған. Батырхан есімді жігіт жүріп келе жатқан Lamborghini көлігіні үстінен секіруі керек еді. Қорқынышты трюк барысында 45 жастағы Анатолий Подлипалин жігітті қағып кеткен. Көліктің танымал блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow