«Бұзақылық жасаған»: Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді

Оған ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сәуір 30, 2024 - 09:45
Сәуір 30, 2024 - 09:46
«Бұзақылық жасаған»: Қайрат Нұртас полиция бөлімшесіне жеткізілді
фото: видеодан скриншот

Танымал эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың соңғы концерттерінің бірінде балағат сөз айтып қойғаны видеоға түсіп қалған.

Бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті.

Бұл оқиғаға қатысты Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлама таратты.

«Қоғамдық орында балағат сөз айтып, видеоға түсіп қалған әнші жауапқа тартылды. Ұсақ бұзақылық үшін оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды», — делінген ведомство ақпаратында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow