Салтанаттың туыстарының алдында кінәлімін: Бақытжан Байжанов сот отырысында кешірім сұрады
Мүмкін менің сөздерім орынсыз болып көрінетін шығар, бірақ мен үшін бұл қайғылы жағдай, өйткені мен Салтанатты білетінмін, оны жақсы жағынан танитынмын.
Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Сот отырысында Бақытжан Байжановтан жауап алу басталды.
Ол Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты аса ауыр қылмысты жасырды және ауыр қылмыс туралы хабарламады деп айыпталып жатыр.
Бақытжан Байжанов сол күннің оқиғасын баяндау барысында Салтанат Нүкенованың туыстарынан кешірім сұрады.
«Осы жан түршігерлік жағдай әсер еткендердің барлығына көңіл айтамын. Салтанаттың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Мүмкін менің сөздерім орынсыз болып көрінетін шығар, бірақ мен үшін бұл қайғылы жағдай, өйткені мен Салтанатты білетінмін, оны жақсы жағынан танитынмын.
Барлығынан, әсіресе Салтанаттың отбасынан, достарынан және өзімнің ата-анамнан, әйелім мен балаларымнан кешірім сұраймын. Менің мойныма жүктелетін жауапкершілікті толық түсінемін. Сол қайғылы күндегі жағдайды толық түсініп, бағалай алмағаныма қатты өкінемін. Менің әрекеттерім мен әрекетсіздігім енді жаңа қырынан көрінеді. Мен сіздердің алдарыңызда оның қалай болғанын түсіндіріп, айтып беремін...
Мен Салтанаттың өміріне қауіп төніп тұрғанын білмедім. Бұл ақталу емес. Сол күні не болып жатқанын толық түсінбедім. Бұл менің қателігім. Сол үшін қатты өкінемін. Барлығын мұқият қарағанда алдын алар едім. Енді не айта аламын? Сол үшін де мен Салтанаттың туыстарының алдында кінәлімін. Енді мен өмір бақи кінәлі сезіммен өмір сүремін. Маған өте өкінішті», – деді Бақытжан Байжанов.
Сіздің реакцияңыз қандай?