БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үйін тасқын судан сақтап қалды (ВИДЕО)

Сәуір 11, 2024 - 13:10
Сәуір 11, 2024 - 17:42
БҚО тұрғыны монтаж көбігімен үйін тасқын судан сақтап қалды (ВИДЕО)

Батысқазақстандық Мағжан Аққожин монтаж көбігімен есіктерді бекітіп, үйін су тасқынынан аман алып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында бұл идеяның аяқ астынан келгенін айтты.

Былтыр ғана салған үйім еді. Түнімен ауыл әкімі, ауыл жастарымен сумен арпалысып, бөгет салдық, бірақ таңға таяу су ауылға кіріп кетті. Отбасымды эвакуация жасадық. Не де болса жылдам әрекет ету керек болды. Үйдің іргетасы судан қорғалғандықтан, есіктерден қауіптеніп, монтаж көбігімен бекітуді жөн санадым - дейді ол.

Мағжан қауіптің беті сейілгенде үйіне келіп қараса, ішке бір тамшы су кірмеген.

Сол кезде отбасыма үйдің жайын көрсету үшін видео түсіргем. Сол бейнежазбам әлеуметтік желіде тарап кетіпті, - дейді ол.

Ол бар мақсаты үйін судан сақтап қалу болғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow