Астанада «Ағыраптағы аты жоқ адам» романының тұсаукесері өтеді

2011 жылы «Жалын» баспасынан «Текес теріс ағады» атты прозалық кітабы жарық көрген.  

Сәуір 11, 2024 - 14:05
Сәуір 11, 2024 - 14:06
Астанада «Ағыраптағы аты жоқ адам» романының тұсаукесері өтеді
Фото: whytoread.com

14 сәуір күні Астана қаласында жазушы Қанат Әбілқайырдың "Ағыраптағы аты жоқ адам" атты романының тұсаукесері өтеді, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Романның тұсауы сағат 15:00-де ҚР Ұлтық академиялық кітапханасындағы М. Мақатаев залында кесіледі. 

Қанат Әбілқайыр 1986 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы Сүмбе ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Алматы қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейін, 2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмәмдаған. Халықаралық «Қазақстан ZAMAN», республикалық «Ана тілі», «Жас қазақ» секілді бірқатар басылымдарда қызмет істеген.

2011 жылы «Жалын» баспасынан «Текес теріс ағады» атты прозалық кітабы жарық көрген.  
2014 жылы өткен халықаралық «Дарабоз» бәйгесінде «Көршінің қызы» атты хикаяты бірінші орынды иеленді.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow