Мемлекет басшысы ер азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Мамыр 7, 2024 - 10:05
Мамыр 7, 2024 - 10:06
Мемлекет басшысы ер азаматтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады
Фото: akorda.kz

«Еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтап, қастерлі құндылықтарды орнықтыра түсу үшін бұл мерекенің маңызы зор.  Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы.  

Қазақстан ұлттық мүддені қорғауға, аумақтық тұтастықты сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса мән береді. Айбынды армиямыз егемендігіміздің кепілі, мемлекеттілігіміздің мызғымас тірегі саналады.  Еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту және әскери қызметкерлерді қолдау қашанда мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді.  

Қарулы Күштеріміздің мерейі үстем болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!» - деді Мемлекет басшысы.  

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow