Әкесі балаларын ұрып-соғып, ұрлық жасауға мәжбүрлеген

Отағасы барлық табысын ішімдікке жұмсап, әйелі мен балаларын бір бөлмеде ұстаған.

Наурыз 5, 2024 - 15:47
Наурыз 5, 2024 - 15:48
Әкесі балаларын ұрып-соғып, ұрлық жасауға мәжбүрлеген

Түркістан облысында ер адам әйелі мен балаларына зорлық-зомбылық көрсетіп, тапқан ақшасын ішімдікке жұмсап отырған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жәбірленушілердің арызын қанағаттандырмай,  немқұрайлық танытқан шенеуніктерді жазалауды сұрады, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Кожабекова бес баланың анасы, Жетісай ауданының тұрғынымен жеке кездесу өткізді.

Белгілі болғандай, әйел мен балалары жүйелі түрде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен. Келіншік өздері үнемі бір бөлмеге тығылып отыратынын, күйеуінің банк картасын пайдалануға рұқсат бермейтінін айтқан. Отағасы барлық табысын ішімдікке жұмсап, балаларын ұрлық жасауға мәжбүрлейді екен.

"Қазіргі уақытта әйел мен оның балалары "Көмек" дағдарыс орталығына орналастырылды. Отырыс қорытындысы бойынша жергілікті уәкіл аудан мен ауыл әкімдіктері, полиция, Жетісай аудандық білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен кеңес өткізіп, жиын барысында қатысушыларға нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар тұрғындардың кез келген проблемасына бейжай қарамауға шақырды", – делінген баспасөз хабарламасында.

Шенеуніктердің немқұрайлы көзқарасы мен алдын алу шараларының болмауы көпбалалы отбасының қазіргі жағдайына себеп болып отыр.

Бұл ретте Наталья Кожабекова құқық бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарау жөнінде құзырлы органдарға ұсыныс жолдады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow