Майқайыңда шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегі табылды

Қаңтар 29, 2024 - 18:25
Қаңтар 29, 2024 - 18:26
Майқайыңда шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегі табылды

Майқайың шахтасында шұңқырға құлаған автобустың дөңгелегі табылды, - деп хабарлайды sadaqmedia.kz. ақпарат порталы. 

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Майқайың алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр. Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар6 гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталып жатыр. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті", - деп жазады Асайын Байханов

Қазір бұл - шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow