«Кекірейген келін деген осы шығар»: Беташардағы келіншектің образы талқыға түсті (ВИДЕО)

Қыркүйек 2, 2024 - 17:48
Қыркүйек 2, 2024 - 22:49
«Кекірейген келін деген осы шығар»: Беташардағы келіншектің образы талқыға түсті (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Желіде ерекше беташардың видеосы тарады, деп хабарлайды Sadаqmedia.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан беташар болып жатқанын байқауға болады. Бұл рәсімді аталмыш салттан ерекшелеп тұрған келіннің бір қолтығында тұрған жеңгесінің образы. Шашын жайып, көзіне көзілдірік киген келіншек жұртты өзіне қаратты. Осы тұста желі қолданушылары өз таңданыстарын жасыра алмады.

«Бандит па, не бәле?», «Күйеуі қандай екен?», «Кекірейген келін деген осы шығар», «Оқтау жұтып қойған ба?», «Аяғын қосып, шашын жинап тұрса дұрыс болар еді», «Бандитке сәлем салғызып қойдыңдар ма?», «Қолтықтан сүйеп тұратын басқа келін таппадыңдар ма», — деп жарыса жазды олар. 

Бүгінде видео екі жүз мыңға жуық қаралым мен бес жүзге жуық пікір білдіріп үлгерген.

@dandelion.aktobe04 #келинка #мужчина #той #рек #рекомендации #врек #топ #пранк #смешноевидео #приколы #юмор ♬ оригинальный звук - Мадина Азилханова

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow