«Макронның өзі құттықтады»: Мұхтар Тайжанның ұлы қалыңдығына сөз салды
Мен сүйікті қызыма ұсыныс жасадым.
Илон Масктың компаниясында жұмыс істейтін қазақстандық жас инженер Санжар Тайжан Парижде қалыңдығына ұсыныс жасады. Мұхтар Тайжанның баласы мен болашақ келінін Франция Президенті Эммануэль Макронның өзі құттықтаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
"Мен сүйікті қызыма ұсыныс жасадым. Франция президенті - Э. Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады", - деп жазды Санжар Тайжан.
Екі жасты құттықтаған Франция президенті олардың елін сұрайды. Қазақстан, Президент Тоқаев деп жауап берген Санжарға қазақ елін білетінін, Қазақстанда болғанын айтады. Сонымен қатар, Тоқаевтың сыйлаған тазы күшіктерін есіне алады.
Айта кетейік, былтыр қараша айында Мемлекет басшысының шақыруымен Астанаға сапармен келген Франция Президенті "Этноауыл" көрмесін аралап көріп, қазақ халқының бай мәдени мұрасымен танысқан еді. Көрме орталығын тамашалау барысында Эмманюэль Макронға қазақы тазының тұқымы ерекше ұнаған болатын. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев франциялық әріптесіне тазы сыйлауға уәде берген еді.
View this post on Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?