Кэмерон сапары: Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылатын болды

Сәуір 25, 2024 - 10:59
Сәуір 25, 2024 - 10:59
Кэмерон сапары: Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылатын болды
facebook.com/DavidCameronOfficial

Кеше елімізге Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон ұшып келді. Бұл Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің елімізге жасап отырған алғашқы сапары, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Осы іс-сапар аясында келісімдерге қол жеткізілгені белгілі болып отыр. Нақты айтар болсақ, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға ресми сапары аясында қазақтілін үйрену және Қазақстанда британдық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашуға бағытталған меморандумдарға қол қойылды.

Негізгі келісімдердің қатарында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы «Til Qazyna» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Оксфорд университеті арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы меморандум бар. Бағдарлама Oxford Birsöz initiative CIC бастамасы арқылы әртүрлі колледждермен және факультеттермен ынтымақтастықты қамтиды.

Сонымен қатар Нархоз университеті мен Белфасттағы Queen's University арасында филиал ашу туралы келісім жасалды.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында қазақша-ағылшынша Oxford Qazaq сөздігі жарыққа шыққан болатын. Алғашқы басылым 1300 беттен тұрып, 60 мыңнан астам сөзді қамтыды. Ол Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының мамандарының қатысуымен 4 жыл бойы құрастырылды. Сәйкесінше, онда екі тілдің лексикасындағы өзгерістер және қазіргі мәдениет пен ғылым саласына қатысты соңғы жаңалықтардың енгенін атап кеткен жөн.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow