Ұлттық киноны қолдауға бөлінген 400 млн теңге ұрланған - Алматы прокуратурасы

Желтоқсан 19, 2023 - 09:50
Ұлттық киноны қолдауға бөлінген 400 млн теңге ұрланған - Алматы прокуратурасы

Алматы қаласының прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінгее бюджет қаражатының ұрланғанын анықтаған, деп хабарлайды sadaqmedia.

Бюджет қаражатын “Қазақфильм” жымқырды деген күдік бар.

“Алматы қаласының прокуратурасы «Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм» Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды”, - деп хабарлайды құзырлы орган.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow