«ЛГБТ насихатына тыйым салу заңға қайшы» – Заңгер

Осылайша, жастар арасында жыныстық қатынастың жаңа стандарттары қалыптасады.

Маусым 14, 2024 - 11:43
Маусым 14, 2024 - 12:00
«ЛГБТ насихатына тыйым салу заңға қайшы» – Заңгер
Фото: Pixabay.com

29 мамырда ePetition порталында жарияланған ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы петиция екі аптадан аз уақытта қажет 50 мыңнан астам қол жинады, - деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы Stan.kz - ке сілтеме жасап. 

Петиция Қазақстандық ата-аналар одағының басшысы Бағила Балтабаеваның бастамасымен жарияланған.

"Біржынысты қарым-қатынастар біздің балаларымызға ашық түрде таңылып жатыр. Ол кітап дүкендеріне, теледидар экрандарына және смартфондарға жүктелген. Жастар өздерінің жағымсыз қарым-қатынастарын ашық түрде таратып, насихаттап жүр. Осылайша, жастар арасында жыныстық қатынастың жаңа стандарттары қалыптасады. Осы жолда дәстүрлі құндылықтар артта қалудың белгісі ретінде насихатталады. Сондықтан сыннан қорқып, көбі үнсіз қалады. Бірақ біз үндемей отырғанда, біздің балаларымыз бір жыныстылардың қарым-қатынасын қалыпты және тіпті сәнді деп санай бастайды", – дейді петиция авторы. 

Петиция авторы көрші елдерде бұл мәселеге қатысты көзқарастарды мысал ретінде көрсетеді. Мысалы, Өзбекстанда гомосексуализм және ЛГБТ тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық талқылауларда толығымен жабық күйінде қалып отыр, ал Ресей Федерациясында 2022 жылы дәстүрлі емес жыныстық қатынасты насихаттауға толық тыйым салу туралы заң қабылданған.

Петиция авторы ересектердің жыныстық өміріне қарсы емес екенін, "дәстүрлі емес жыныстық қатынасты ашық түрде насихаттауға және дамытуға” қарсы екенін баса айтады.

Өтініш жарияланғаннан кейін небәрі 10 күн өткен соң мәдениет және ақпарат министрлігі құжатқа қажет қолдар саны жиналғандықтан, оны қарауға қабылдағанын растады.

Алайда кейбір құқық қорғаушылар мұндай тыйым салу идеясының өзі конституцияға қайшы екенін атап өтті.

“Конституцияда бірнәрсе жазылып, бірақ іс жүзінде ол сақталмаса, кез келген бұрмалаушылық ел үшін үлкен мәселе. Кейінгі кездері ғаламторда гейлер мен лесбияндар балалардың қалыпты өсуіне кедергі келтіріп жатқаны туралы ақпараттың жиі жарияланатынын байқадық. Жаман тәрбие, көңіл бөлмеу, балаларға зорлық-зомбылық көрсету де емес, оларға "дәстүрлі емес құндылықтарды" дәріптейтін адамдар кедергі келтіріп жатқаны қайталанып жатыр. Жақында ғана елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңнамаға түзетулер қабылданды, оның бірі құндылықтарға қатысты болды. Бұл әдейі жасалды деп ойлаймын. Елде әлі күнге дейін дәстүрлі құндылықтардың не екенін түсінбесе де, біз олар туралы белсенді түрде айтып келеміз”, – дейді "Еркіндік қанаты" қоғамдық қорының атқарушы директоры, заңгер Елена Швецова. 

Оның пікірінше, петицияда айтылған бастама кемсітушілікті заңдастыру әрекеті. Сонымен қатар ол бұл идеяның xалықтың бастамасымен көтерілгеніне күмәнданатынын айтты. 

“Бір мұғалім бізге петицияға сілтеме жіберіп, қол қою туралы бұйрық келді деді. Ал ол қол қоймайтынын айтты. Бұл нені білдіреді? Ал петиция қоғамдық пікір секілді көрінгенімен, оны насихаттауда және қол жинауда әкімшілік ресурс қолданылып жатыр”, – дейді Елена Швецова. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow