Келіншегін қорқытқысы келген: астаналық азамат 14-қабаттан секірмек болған
Астана қаласының тұрғыны Бектұров 17 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінің 14-қабатынан секірмек болған. Сөйтіп, келіншегін қорқытпақшы еді. Сол әрекеті үшін 15 тәулікке қамалды.
Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сот отырысы барысында азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді. Ол сондай-ақ мас болғанын және келіншегін қорқытқысы келгенін айтқан.
"Сот қаулысымен азамат ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", – делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?