Құлсарыда су астында қалған үйін көруге кеткен әкесі мен ұлы іздестіріліп жатыр

Күні кеше ғана тракторге мініп, үй жағын қарап келмек болған тағы Құлсарылық екі тұрғын суға кетіп, көз жұмған еді.

Сәуір 9, 2024 - 09:17
Сәуір 9, 2024 - 09:20
Құлсарыда су астында қалған үйін көруге кеткен әкесі мен ұлы іздестіріліп жатыр

Жем өзінінің суы көтеріліп, Құлсарыдағы үйлерді су басып қалды. Әкесі мен ұлы судан қорғайтын резеңке костьюдерін киіп, үйін көріп келуге кетіп, сол күйі оралмады, деп хабарлады “КТК” арнасы.

Күні кеше тракторге мініп, үй жағын қарап келмек болған екі Құлсары тұрғыны суға кетіп, көз жұмған еді. 

Құтқарушылардың айтуынша, су деңгейі төмендеген. Бүгінде Жылыой ауданының 70%-ы су астында қалды. Ауданнан 30 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Олардың кейбірі облыс орталығына, басым көпшілігі Маңғыстау облысына кетті. Тұрғындар Ақтау, Бейнеу, Боранқұл мен Теңгізге орналастырылды. 

Құлсарыда 3 мыңға жуық тұрғын үй мен нысандар су астында қалды. Су тасқыны болғанда үйлерінен шығып үлгере алмай қалған адамдар да жоқ емес. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге шығару жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Тұрғындардан бөлек, құтқарушылар жүздеген үй жануарлар мен ірі қара малды да су астында қалудан құтқарып жатыр. 

Демалыс күндері қаладағы дүкендер, дәріхалар мен жанармай бекеттері жабық болды. Бүгінде олардың кейбірі жұмысын жалғастырып жатыр. Ауданға Қазақстанның түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жөнелтуде. 

“Осыдан үш күн бұрын Құлсары қаласының тұрғындарына қауіп төнді. Қазір су деңігейі төмендеген. Айналма жолдарды әлі су басып жатыр. Жалпы айтқанда, қаланың кей жерлерінде су 40 сантимертге дейін төмендесе, енді бір жерде су деңгейінің 20 сантиметрге дейін түскен. 

Бұған дейін, Атырау қаласын су басып жатқанда, әкімдіктегілердің немен айналысып жүргенін жазған едік.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow