Утиль алымның жойылғаны рас па?
2021 жылы халық утиль алымды алып тастау керек деген петиция жинауды бастаған. Нәтижесінде 30 мыңнан аса қол жиналды. Алайда бүгінге дейін еш өзгеріс болған жоқ.
Желіде "утиль алымы алып тасталды" деген хабар тарап кетті. Оның қаншалықты шындыққа жақын екені анықталып жатыр.
Бұл ақпараттың шындығы да бар, үстінен сәл қосылған өтірігі де бар, деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Ақпарат World of NAN басылымында жарияланды. Онда Жоғарғы сот 2 сәуірде шешім шығарғаны айтылады. Бұл істе Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағының шағымы қаралған.
Шағым Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің үстінен жасалған. Шағымда осы министрлік елдегі автокөлік өндірісі туралы жан-жақты деректерді ұсынуы керегі айтылған. Ал сот бұл талапты қанағаттандырған.
Осыдан кейін бұл шешім утиль алымына қатысты делініп, «алып тасталды» деп хабар тарай бастаған. Бірақ бұл тек кеңейтілген деректерді министрлік енді ғана ұсынуға міндеттелді деген сөз.
Осы ұсынылған деректер арқылы енді утиль алымы қаншалықты негізі бар екені тексеріледі. Ол негізсіз екені анықталса, онда утиль алымды алып тастау туралы сотқа тағы шағым түседі екен.
Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың айтып жүргені де осы. Депутат Нартай Аралбайұлы да осы мәселені көтеріп келеді. Кейінгі 8 жылда утиль алымына қазақстандықтар 1 триллион теңгедей жұмсаған.
Айта кетейік, қазақстандықтар 2021 жылы утиль алымды алып тастау керек деген петиция жинауды бастаған. Нәтижесінде 30 мыңнан аса қол жиналды. Алайда бүгінге дейін еш өзгеріс болған жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?