Қызылордада күйеуінен қорқып, балконнан секіріп кеткен әйел мүгедек болып қалды

Жәбірленуші өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, қонақ бөлмедегі лоджиядан секіріп кеткен.

Қыркүйек 10, 2024 - 20:59
Қыркүйек 10, 2024 - 20:59
Қызылордада күйеуінен қорқып, балконнан секіріп кеткен әйел мүгедек болып қалды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда қаласында әйел адам азаматтық некедегі күйеуінің күш көрсетуінен бірінші топтағы мүгедек болып қалды.

Бұған байланысты Қызылорда қаласының № 2 сотында үкім шығарылды. Әйел адам мен азаматтық некедегі күйеуі арасында қызғаныштан жанжал туындаған.

Сол сәтте сотталушы жәбірленушіні балағаттап, оған бірнеше мәрте аяусыз соққы жұмсаған. Басынан шыны бөтелкемен ұрып, оның ұялы телефонын алып қойған.

Жәбірленуші өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, қонақ бөлмедегі лоджиядан секіріп кеткен. Салдарынан оның денсаулығына ауыр зиян келіп, бірінші топ мүгедектігі тағайындалған. 

«Сот отырысында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейді. Сондай-ақ ол „майор“ шенінен айырылды. Азаматтық талап бойынша сотталушыдан 4 054 181 теңге материалдық, 5 000 000 теңге моральдық зиян өндірілді», — деп мәлім етті Қызылорда қаласының № 2 сотынан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow