Қызылордада белгісіз біреу оқушыларды пышақтап кетті
Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
5 маусымға қараған түні Қызылорда қаласындағы Момышұлы көшесінде орналасқан мектептің жанында белгісіз адам үш жасөспірімді пышақтап, қашып кетті, деп хабарлады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Тоғызыншы сыныптың 3 оқушысы пышақ жарақатын алған, үшеуінің де аяғы жараланған. Ауруханада оларға алғашқы көмек көрсетіліп, үшеуі де үйлеріне жіберілді.
Қызылорда облысының ПД болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқанын хабарлады.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп жауап берді полиция. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?