Астаналық тұрғын әйелін темір кілтпен сабап, өзі 10-қабаттан секіріп кеткен

Қазан 3, 2024 - 20:53
Қазан 3, 2024 - 21:28
Астаналық тұрғын әйелін темір кілтпен сабап, өзі 10-қабаттан секіріп кеткен

Астана қаласының тұрғыны әйелін ұрып-соғып, жарақаттаған. Кейін өзі 10-қабаттан секіріп кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 қазанда шамамен сағат 23:36-да болған. Ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, күйеуі әйелін темір кілтпен (гаечный ключ) ұрып тастаған.

 Полицияға ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар түсті. Тергеу барысында ерлі-зайыпты арасында жанжал болғаны анықталды. Сол кезде ер адам әйеліне дене жарақатын салып, содан кейін өзі тұрғын үйдің 10-қабатынан секіріп кеткен. Жәбірленуші әйел ауруханаға жатқызылды, – делінген хабарламада.

Қайғылы жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow