«Кінәсін мойындамайды, Салтанатты әлі жақсы көреді»: Бишімбаевтың адвокаттары тосын мәлімдеме жасады
Әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр. Әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікірде.
Өз әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары Назкен Құсайынова мен Лейла Рамазанова атышулы істі тергеу барысында өрескел бұзушылықтарға жол берілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Elmedia youtube арнасына сұхбат берген адвокаттар әйелі Салтанат Нүкенованың өліміне күдікті ретінде қамауға алынып, ісі сотқа жолданған Қуандық Бишімбаевтың әлі күнге дейін қайғыдан қан жұтып отырғанын айтады. Сол секілді Салтанат Нүкенованың өлімі де жазатайым оқиға. Себебі, Салтанаттың денесінде ауыр жарақат іздері болмаған.
«Қуандық Бишімбаев кісі өліміне қатысты кінәсін мойындамай отыр. Әлі күнге дейін болған нәрсеге сене алмай отыр. Әлі күнге дейін Салтанатты жақсы көреді және ол туралы тек жақсы пікірде. Қайрат Нүкенов (Салтанат Нүкенованың ағасы) айтқандай, жәбірленуішінің денесінде ауыр жарақаттар болған жоқ. Басының қаңқасы сау болды, ол миына қан құйылып қайтыс болған, - дейді адвокат Назкен Кусаинова.
Сондай-ақ адвокат Салтанат Нүкенова басындағы гематомалардың кесірінен қайтыс болғанын айтады.
«Салтанаттың созылмалы субдуральды гематомасы болған. Ол осы себепті қайтыс болған. Кешіріңіздер, біздің қорқауымыздағы Қуандық Бишімбаев Салтанаттың басында гематома пайда болғанын білмеген. Олар сөйлесіп, күні бойы бірге жүрген. Иә, екеуара келіспей қалған шығар. Төбелес болмаған. Ол (Қуандық Бишімбаев) мұны қайғылы жағдай деп Салтанаттың өліміне әлі күнге дейін сене алмай отыр. Ол әлі күнге дейін қайғырып, жылап отыр. Өз-өзіне келе алмай жатыр. Отбасында осындай жағдай болғанына сене алмай отыр, - дейді адвокат Назкен Кусаинова.
Бұған дейін Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов экс-министр Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сұмдық жайттардың бетін ашқан болатын.
«Мәйітті жуған кісілер мұндай жарақаттарды, дененің көгерген тұстарын бұрын-соңды көрмегенін айтады. Ол інісін шақырып, қарындасымыздың көз жұмғанын күтті деген болжам бар. Ол бөлмеге бірнеше рет кіріп, оның өлгенін тексерген, өлгеннен кейін ғана жедел жәрдем шақырған, - деді Қайрат Нүкенов.
Сіздің реакцияңыз қандай?