«Бүгінге дейін пәк қыз кездестірмедім» - актер Еркебұлан Тоқтаров
ТикТок әлеуметтік желісінде танымал актер, боксшы Еркебұлан Тоқтаровтың сұхбаты қызу талқыға түсті деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Анара Батырхан жасаған бұл сұхбатта Еркебұлан: «Мен тек пәк қызға үйленемін! Бірақ бүгінге дейін пәк қыз кездестірмедім. Түрі, мінезі бәрі-бәрі жақсы, былайша маған ұнайтын қыздар болады. Өкінішке қарай, «пәксің бе?» деп сұрасаң, олай болмай шығады.
Танысқан қызға бірінші қоятын сұрағым «пәксің бе?» деген сұрақ. Қыз пәк болмаса, бұрылып кетемін. Уақытымды ондай қызбен өткізгім келмейді», - деген актер.
Ол «қыздар, пәктіктеріңді тек күйеулеріңе сақтауға міндеттісіңдер! Шашылмаңдар, кім болса, солмен жүре бермеңдер. Қазір алдайтын жігіттер көп» деп ақыл-ескертуін де жасапты.
Еркебұланның бұл сөздеріне қатысты қыз-келіншектер қауымы «қызды пәктігінен сен сияқты еркек айырады», «пәк болып күйеуге шықтым, өкінішке қарай күйеуім оның қадіріне жетпеді», «пәк қыз іздесең, онда ешқашан үйленбессің», «ескіліктің сарқыншағы», «қазір пәк қызды мектептен де таппайсың» деген сыңайда пікір жазуда.
Сіздің реакцияңыз қандай?