«Қиын-қыстау, қилы заманда»: «Біз біргеміз» әнінің авторы халықтан кешірім сұрады

Құлсарыға келгелі ең көп естігенім – осы әнді құрту керек деген сөз.

Сәуір 11, 2024 - 12:15
Сәуір 11, 2024 - 12:16
«Қиын-қыстау, қилы заманда»: «Біз біргеміз» әнінің авторы халықтан кешірім сұрады
Фото: instagram.com/syrym_auyezkhan

Әнші Ибрагим Ескендір орындайтын "Біз біргеміз" әнінің сөзін жазған танымал айтыскер ақын Сырым Әуезхан екен, деп жазады Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Ол соңғы кездері әннің көпшілікті мезі қылғанын, Құлсарыға көмекке барғалы осы ән жайлы көп сөз естігенін айтады.

"Қиын-қыстау, қилы заманда, не болмаған байтақ даламда" деп басталатын әннің авторы мен едім. Құлсарыға келгелі ең көп естігенім – осы әнді құрту керек деген сөз. Халықтан кешірім сұраймын. Екіншіден, әннен басқа да себептерді қарастырып көрсеңіздер деген ұсыныс бар. Осы әннің артынан жақсы мағыналы, елге пайдалы, елдің рухын көтеретін ән жазсам ба деген ниет бар. Сондай әншілер болса хабарласыңыздар", – деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow