ҚМДБ Абай Бегейдің кәмелет жасқа толмаған қызының некесіне қатысты пікір білдірді

Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек.

Тамыз 19, 2024 - 20:05
Тамыз 19, 2024 - 20:06
ҚМДБ Абай Бегейдің кәмелет жасқа толмаған қызының некесіне қатысты пікір білдірді
Фото: symbatabaikyzy инстаграм парақшасынан

Абай Бегейдің 16 жастағы қызының некесі мешітте қиылуына қатысты ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі мәлімдеме жасады, деп жазды sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

“Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі төмендегіні мәлімдейді: Неке қию рәсімі мешітте болмағаны анықталды. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастардың мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қабылдаған «Мешіт имамдарының неке қию тәртібі» құжатына сәйкес отбасы құрғысы келетін азаматтар әуелі АХАТ бөлімі арқылы заңды некеге отыруы тиіс. Нике қию рәсіміне болашақ ерлі-зайыптылардың ата-анасы немесе олардың заңды өкілдері қатысуы міндетті. Діни некеге ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі керек. Олай болмаған жағдайда мешітте діни неке қиылмайды”, - делінген мәлімдемеде.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow