«Хайуандардың атын атаса екен»: Мақпал Жүнісова шындық ашылатын күн туралы айтты

Шындық ашылып, жүк жеңілдейтін күн де туар.

Тамыз 6, 2024 - 12:50
Тамыз 6, 2024 - 12:52
«Хайуандардың атын атаса екен»: Мақпал Жүнісова шындық ашылатын күн туралы айтты
Фото: видеодан кадр

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовты есіне алды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі “Өткен күндер” әніне видеоролик жасап, марқұмның жүріп өткен жолынан сыр шертті, деп жазады Stan.kz.

“Қаншалықты ірі тұлғалы болған сайын жүрек жарасы да терең түсіп, жазылуы қиын. Жүректі әнші болған соң ба, сағынышқа толы әуендері жаныңды ауыртады, жарамыздың бетін тырнайды. Шындық ашылып, жүк жеңілдейтін күн де туар”, – деп жазды тыңдарманы. 

Халық әртісі де жолдасының өлімінің құпиясын әлі күнге дейін ашылмағаны жүрекке тиетінін жасырмады.

“Сол хайуандардың атын айтып, халыққа шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен. Өткен күн оралмайды”, – деп жазды әнші. 

Еске салайық, өнер иесі қызы Мерейді туған бауырынан асырап алғанын жария еткен еді. 

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow