Енді блогерлер де салық төлейтін болды
Түркияда блогерлерге салық салынады, деп хабарлайды Orda.kz.
Түркияның Қаржы министрлігі интернетте тауар сататындар мен түрлі контент арқылы ақша табатындардың арнайы мемлекеттік куәлік алып, банктен есепшот ашулары қажеттігін айтты.
Сол есепшотқа түскен ақшадан мемлекет 15 пайыз ұстап отырады. Сондай-ақ бұл заң мобильді қосымша арқылы пайда табатындарға да қатысты болмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?