Халықаралық қылмыстық сот Израиль Премьер Министрі Нетаньяхуды қамауға алуды талап етті

Мамыр 21, 2024 - 16:27
Мамыр 21, 2024 - 16:48
Халықаралық қылмыстық сот Израиль Премьер Министрі Нетаньяхуды қамауға алуды талап етті

Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Хан Халықаралық қылмыстық соттан Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды, Израиль қорғаныс министрін және палестиналық Хамас тобының үш жетекшісін қамауға ордер беруді сұрады. Бұл туралы BBC арнасының орыс қызметі хабарлады.

Хан олардың барлығы ХАМАС пен Израиль арасындағы соғысқа кінәлі деп санайды.

Хан Халықаралық қылмыстық соттың сайтында жарияланған ресми мәлімдемесінде Газадағы ХАМАС-тың жетекшісі Яхья Санвар, топтың саяси қанатының басшысы Исмаил Хания және оның әскери бөлімшелерінің жетекшісі Мұхаммед Диаб әл-Масри әскери және адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр деп есептейді.

Ал Нетаньяху мен Израиль қорғаныс министрі Йоав Галант соғыс әдісі ретінде аштықты қолданып жатыр және қарапайым халықты өлтіріп жатыр дейді.

Екі тараптың өкілдері оның бұл мәлімдесіне наразылығын білдірді. Израиль премьер-министрі 7 қазанда болған ХАМАС-тың шабуылынан соң, Израильдің тек қорғанып жатқанын алға тартты. Ал ХАМАС өкілдері прокурор “жәбірленушіні жазалаушыға теңеп отыр” деді.

Енді Халықаралық қылмыстық сот прокурорға ордер беріп-бермеуге қатысты шешім шығарады.

Factcheck.kz 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow