Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлының түнде көшеде жүрген видеосы тарады
Ол кешкі 23.00-ден кейін үйде болуы керек. Оның үстіне оның тіркелген жері – Астана, бірақ видео түнде Алматыда түсірілген.
Желіде мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бас бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта көшеде жүрген видеосы тарады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрсалы Болат ерлі-зайыпты заңгерлер Черновтарға шабуыл жасағаны үшін 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алайда видеода оның талапты орындамай жүргені байқалады. Нұрасыл Болат түнде көшеде темекі шегіп тұр және видео авторының сөзіне жауап қатпайды.
“Видео шамамен түнгі сағат 3-те жарияланды, ал ол кешкі 23.00-ден кейін үйде болуы керек. Оның үстіне оның тіркелген жері – Астана, бірақ видео түнде Алматыда түсірілген. Бұл жерде бірнеше құқықбұзушылық орын алып отыр”, – деп мәлімдеді адвокат Анна Чернова.
Жәбірленуші кінәлі адамның жазасын дұрыс өтемей жүргеніне наразы.
Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен ҚР ҚК-ның 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кейін депутат ұлының жасаған іс-әрекетіне қатысты пікір білдірген еді.
Алғашында депутаттың ұлы айыппұлмен құтылғанымен, кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді.
Сіздің реакцияңыз қандай?