«Үшеуі де менің жолымды қуған»: Гүлзира Айдарбекова келіндерінің блогер болуына ықпал еткенін айтып мастанды
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндерінің әлеуметтік желіде белсенді болуына бағыт-бағдар бергенін жасырмады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Медиа менеджері ортаншы ұлы Аян Нұртастың келіншегі Айгерім Саркеновамен түскен суретін жүктеп, келініне деген ерекше ықыласын жеткізген.
«Қалай жақсы көретінімді сөзбен жеткізе алмаймын. Сіздерге де адал келін бұйырсын. Тек көз тимесін!», – деді Гүлзира Үсенқызы.
Сондай-ақ продюсер келіндерінің әлеуметтік желіде белсенді болғандарын қалайтынын жасырмады.
«Келін – ененің топырағынан» деген сөз бар. Үш келінім үш түрлі тәрбиеде, үш түрлі отбасынан шыққанымен айналып келгенде өз аналарының емес, менің жолымды қуған. Ол жағын Айгерам мойындап отырады, мен-мен, мен өзім демей, «Мама, сіз басында айтқанда мен олай бола алмаймын, эфирге шыға алмаймын, инста жүргізе алмаймын» деуші едім ғой, ал сіз айтатынсыз, «Адамның жасағанын адам жасай алады» деп. «Енді қарасам, шынымен де солай екен» деп риза болып отырады. Қазір өз оқырмандары бар жетерлік. Оқырман деген сенің бөлек бір әлемің ғой. Басыңа жағдай туса бәрі жүрегі ауырып дұға тілейді, көп тілеуі – көл дегендей, қиындығың жеңілдейді. Сәл артық кетсең ескертіп отырады. Арасында болады енді бір қарын майды шірітетін құмалақтар, ондай адамдар өз отбасыңда да, өз құрбыларыңның арасында, қоршаған ортаңда да табылады ғой. Ол да керек өмір болған соң, көп нәрсені түзетіп, көз жеткізуге, кімнің кім екенін біліп отырасың», – деп жазды продюсер.
Сіздің реакцияңыз қандай?