«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы қамауға алынды
«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы қамаға алынды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша,«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы аса ірі мөлшерде қаражат жымқыру күдікке ілініп отыр.
Екі айға қамауға алынған.
"Астана қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен іс жүргізген. Тергеу барысында бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру деректері анықталды. Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды", – деп хабарлайды агенттік.
Асқар Мұратұлы «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы қызметін 2021-2022 жылдар аралығында атқарған.
Сіздің реакцияңыз қандай?