«Қайрош мықты»: Гүлзира Айдарбекова 15 тәулікке қамалған ұлы туралы жазба жариялады

Шілде 9, 2024 - 15:26
Шілде 9, 2024 - 15:28
«Қайрош мықты»: Гүлзира Айдарбекова 15 тәулікке қамалған ұлы туралы жазба жариялады

Гүлзира Айдарбекова 15 тәулікке қамалған ұлы туралы сөз қозғады, деп жазады Caravan.kz.

Продюсердің Instagram желісіндегі оқырмандары бұл даулы оқиғаның өнер иесінің танымалдығы одан әрі артуына септігі тиетінін жазып, қолдау білдіруде.

«Қайрош мықты, бұл жайт күш пен абырой қосады. Халық Қайрошты жақсы көреді. Ол жас талғамайтын көрермені бар әнші. Ондай нәрсе сирек кездеседі. Алла жар болсын, бәрі жақсы болады», - деп жазған Гүлзира Айдарбекованың оқырманы.

Продюсер бұл пікірмен келісетінін жасырмаған.

«Ол жағын өзім де көп байқаймын, рақмет», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow