Семейде әскери бөлім басшысы горнизон мүлкін ломбардқа қойған
Семей гарнизоны Әскери соты өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ысырып қылды деп айыппен әскери бөлім офицеріне қатысты қылмыстық іс қозғады.
Сот мәліметінше, штабтың топографиялық қызметінің бастығы, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта ставка қойып ұтылып, жеке басындағы қарыздардың көбеюіне байланысты пайдакүнемдік мақсатта әскери бөлімге тиесілі топографиялық құрылғыларды ломбардқа өткізіп жіберген.
"Нәтижесінде мемлекетке 2 миллион теңгеден астам залал келтірілген. Сот үкімі бойынша, сотталушы О. ҚК-нің 189-бабы 3 бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - делінген Әскери соттың хабарламасында.
ҚК-нің 49-бабы, 1-бөлігіне сәйкес "капитан" әскери атағынан айырылды.
Сондай-ақ, сотталғаннан мемлекет пайдасына материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?