Қайрат Нұртас сотта видео түсіруге қарсылық білдірді
Судья бұқаралық ақпарат құралдарына әншіні видеоға түсіруге тыйым салды.
Ұшақта төбелес шығарған әнші Қайрат Нұртас сот процесінен видео түсіруге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Соттың басында судья Қайрат Нұртасқа отырысқа бұқаралық ақпарат құралдарының қатысып жатқанын ескертті. Сосын бейнетаспаға қарсылығы бар-жоғын сұрады.
Нұртас видео түсіруге қарсы екенін айтты. Әншінің анасы да, жәбірленуші де бейнетаспаға қарсылық білдірді.
Судья бұқаралық ақпарат құралдарына әншіні видео түсіруге тыйым салды.
Сіздің реакцияңыз қандай?