«Алтын Орда» базарының қожайынына алданған кәсіпкерлер шу шығарды

Сауда кешенінің өздеріне берілмейтінін естіген халық митингіге шықпақ та болған.

Шілде 5, 2024 - 10:33
Шілде 5, 2024 - 10:45
«Алтын Орда» базарының қожайынына алданған кәсіпкерлер шу шығарды
Фото: gov.kz

Алматы қаласының іргесіндегі «Алтын Орда» базарының қожайыны Данияр Әлпиевке алданған кәсіпкерлек өз ақиқатын айтпақ.

Айта кетейік, саудагерлер салынып жатқан сауда кешеніне алдын ала төлеген қаражатына қарамастан далада қалған. 2020 жылы екі қабаттан тұратын - 30 мың шаршы метрлік сауда орталығының құрылысы басталған. Ғимараттан орын алу үшін 800 кәсіпкер бірігіп «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС арқылы құрылысқа 4 млрд теңге ақша салған.

Саудагелерлің айтуынша, Әлпиевтің әйелі мен адвокаты әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық манипуляция жасап, тергеуге әсер ету үшін түрлі айла-шарғы жасауда.

Наразы саудагерлер істің мән-жайын БАҚ арқылы объективті жетуін қалайды. 

Саудагерлер бүгін (05.07.2024) сағат 12:00-де «Алтын орда» базарындағы 3-павильонға жиналады. 

Байланыс үшін: Диана Мұхитқызы, +7 (747) 682-67-72

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow