«Қастандықты Трамптың штабының өзі ұйымдастыруы мүмкін» - БАҚ
Митингке қатысушылар атыс алдында бөгде бір еркектің қаруымен бірге шатырда еңбектеп, қозғалып бара жатқанын көрген және күзет қызметінің назарын соған аудармақ болыпты, тіпті соны нұсқап, айғайлаған. Күзет болса, қолын бір сілтеп, мән бермеген.
Кейбір ақпарат құралдары Пенсильвания штатындағы сайлауалды митингі кезінде АҚШ Республикалық партиясының кандидатына жасалған қастандықты Трамптың штабының өзі ұйымдастыруы мүмкін екенін айтуда, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
Кешегі оқиғада халықаралық сарапшыларды күдікке жетелеп отырған жайт өте көп.
inbusiness.kz сайтының жазуынша, оқ атылғанға дейін бірер секунд қалғанда, сөйлеп тұрған Трамп мерген орналасқан жаққа ұзағырақ қарап, қозғалмай қалшиып қалған. Артынша құлағын алақанымен жауып, арнайы дайындалған, оқ өткізбейтін мінбер мен сахналық қалқан астында бой тасалады. Жедел жүгіріп жеткен оққағарлары протокол бойынша объектіні қалқалаған бойы дереу төмен түсіріп әкетуге тиіс болған. Алайда олар құлағы қан-қан болған кандидатты жан-жақтан денелерімен жапқан бойы сахнада біраз кідірді.
"Осы кезде Трамп тастүйін түйілген жұдырығын жоғарыға серпін ұрандады. Фотографтар мен телекамералар жан-жақтан жапатармағай фото, видеоға түсірді. Нәтижесінде желбіреген АҚШ байрағы аясында жаралы, бірақ жұдырық түйе айбат шеккен айбынды Трамптың әсерлі фотолары әлемді шарлап кетті.
Басқа да түсініксіз жайттар бар. Мысалға, қылмысқа барар алдында мерген: "Мен республикалықтарды өте жек көремін!" деп, қысқаша бейнежазба жазып қалдырған. Бірақ ақпарат құралдарының мәліметінше, оның өзі Республикалық партияның және Трамптың жақтаушысы болған көрінеді. Оның үстіне қаскөй Д.Трампты емдеген дәрігерінің туысы болып шықты.
Бұған қоса, мерген 100 метрден шамалы асатын қашықтықтан, шатырдан атқан. Әдетте Трамптың күзеті де, құзырлы органдар да кандидат сөз сөйлейтін алаңнан 1 шақырымдай радиустағы ғимараттардың бәрін тексеріп, бақылауға алады. Бұл жолы неге олай болмаған?
Тағы бір тосын жайт: митингке қатысушылар атыс алдында бөгде бір еркектің қаруымен бірге шатырда еңбектеп, қозғалып бара жатқанын көрген және күзет қызметінің назарын соған аудармақ болыпты, тіпті соны нұсқап, айғайлаған. Күзет болса, қолын бір сілтеп, мән бермеген", - деп жазады аталмыш дерек көзі.
Сіздің реакцияңыз қандай?