«Каспий тартылып барады»: блогердің видежазбасы жұртты қапаландырып қойды
Оның айтуынша, су жағадан 60-70 метрдей алыстаған.
Ақтаулық блогер және қоғам белсендісі Нұркен Тәжібай әлеуметтік желілерде Каспий теңізінің таяз жағалауы түсірілген видеоны бөлісті.
Instagram желісінде жарияланған бұл видеодан теңіздің жағалаудан расында да алыстап бара жатқанын байқауға болады.
«Теңізіміз былтырға қарағанда алысқа кетіп қалыпты, Каспий тез таязданып келеді», деп жазған блогер.
Бұл блогердің Каспий теңізін түсірген алғашқы видеосы емес. Жергілікті бейнеоператор Нұркен Тәжібай 2022 жылы Түпқараған ауданындағы Жығылған ойпаты аймағында да болған.
Оның айтуынша, сол кезде су жағадан 60-70 метрдей алыстаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?